Дені сау ұлт - дені сау Қазақстан!

21.10.2022

20 қазанда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде 1 және 2 курс студенттері үшін Қазақстан Республикасы күнін мерекелеуге арналған спорттық-бұқаралық іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, студенттерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту. Жарыс бағдарламасына эстафеталар, ептілікке, тапқырлыққа, шыдамдылыққа арналған түрлі жарыстар кірді. Іс-шара соңында барлығы сергектік пен жақсы көңіл-күйге ие болды. Достық жеңді! Баршаңызды Қазақстан Республикасы күнімен құттықтаймыз!



Текст
Виртуальная приемная