Спортивные секции

Мақсаты мен міндеті:

- салауатты өмір салтын қалыптастыру, студенттердің денсаулығын сақтау;

- жастарды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту;

- жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу.

Спорт секцияларының жұмысы директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары бекіткен оқу жылына арналған жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Колледжде тәжірибелі мамандар басқаратын спорттың 14 түрі (1-қосымша) бойынша спорт секциялары тұрақты жұмыс істейді (2-қосымша).

22 жыл бойы СҚКПК құрама командасы спорттың 22 түрі бойынша өткізілетін ТжКБ оқу орындары арасында облыстық "Сұңқар" спартакиадасының көшбасшысы болып табылады.

Колледж 2007 жылдан бастап колледж директоры

С.Қ.Бегалинді еске алуға арналған халықаралық футзал турнирін үнемі өткізіп келеді (3-қосымша).

Жыл сайын "Жылдың үздік спортшысы" байқауы өткізіледі. Ережеге сәйкес облыстық "Сұңқар"спартакиадасында жоғары нәтижелерге қол жеткізген ұлдар мен қыздар арасынан үздік студенттер анықталады (4-қосымша).

Колледж спортшылары Солтүстік Қазақстан облысы мен Қазақстан Республикасының құрама командаларының құрамына кіреді

2020-2021 оқу жылының жетістіктері (5-қосымша) "Сұңқар" облыстық спартакиадасы-1 орын ҚР спорт шеберлері-17, ҚР спорт шеберіне кандидаттар - 39

2021-2022 оқу жылының жетістіктері (6-қосымша) "Сұңқар" облыстық спартакиадасы-1 орын

Футзалдан қыздар арасындағы ұлттық спорт лигасы-1 орын.

ҚР спорт шеберлері-13, ҚР спорт шеберіне кандидаттар - 34

2022-2023 оқу жылының қорытындысы (7-қосымша)

ҚР спорт шеберлері-17, ҚР спорт шеберіне кандидаттар – 31 (8-қосымша)



Текст
Виртуальная приемная