WorldSkills 2023

17.02.2023

2023 жылғы 16 ақпанда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде "Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету" құзыреттілігі бойынша WorldSkills 2023 кәсіптік шеберлік конкурсының колледжішілік кезеңі өтті. Байқауға "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану " мамандығының студенттері қатысты. Модульдерді орындау барысында білім мен дағдылардың келесі бағыттары тексерілді:

  • электр және электронды жүйелер;
  • тұтану жүйесі;
  • беріліс қорабы (механикалық бөлігі)
  • тежеу жүйесі

Конкурстық тапсырма тәуелсіз модульдерден, конкурсқа қатысушыларға "Жеңіл автомобильдерді жөндеу және оларға қызмет көрсету" құзыреттілігінде дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беретін бір жалпы тапсырмадан тұрды. Байқау қорытындысы бойынша WorldSkills 2023 өңірлік чемпионатында колледж атынан қатысатын жеңімпаздар анықталды:

1 орын Семизоров Вадим;

2 орын Мыскин Никита және Дивисин Дмитрий;

3 орын Мейрам Ернат және Хохлов Данил.

Чемпионат жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға және өндірістік секторға жас мамандарды тартуға ықпал етеді.



Текст
Виртуальная приемная