Студенттік парламенттің президентін сайлау

14.05.2021

2021 жылы 13 мамырда колледжде Студенттік Парламенттің Президентін сайлау өтті.

Президенттікке бес үміткер ұсынылды: Абуова Дамира, «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығының 3 курс студенті, Древов Данил, «Өрт қауіпсіздігі» мамандығының 3 курс студенті, Каримова Карина, «Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркемдік өнер шығармашылығы» мамандығының 2 курс студенті. Мусин Қайсар «Төтенше жағдайда қорғану» мамандығының 3 курс студенті және Сейілбекова Бахыт, «Төтенше жағдайда қорғану» мамандығының 1 курс студенті.

Сайлау қорытындылары бойынша 3 курс студенті Мусин Қайсар ең көп дауыс жинады.

Студенттік Парламенттің Президентін сенімді жеңісімен құттықтаймыз және оның бағдарламасын сәтті жүзеге асыруына тілектеспіз!



Текст
Виртуальная приемная