Студенттердің табысты түлектермен кездесуі

03.03.2023

2023 жылғы 2 наурызда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері "Дене тәрбиесі және спорт" мамандығының түлектерімен кездесті. Іс-шараның мақсаты: болашақ мамандыққа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Кездесуге дене тәрбиесі мұғалімі мамандығын алғаннан кейін өз ісіне берілген, жұмыста және спортта жоғары нәтижелерге қол жеткізген колледждің үздік түлектері шақырылды. Жданович Антон полиатлоннан ҚР спорт шебері, мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен жұмыс бойынша еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Пекиндегі Паралимпиада ойындарының жүлдегері Александр Герлицті дайындағаны үшін "Құрмет" орденімен марапатталған. Левченков Вадим жеңіл атлетикадан ҚР спорт шеберіне кандидат атағына ие, «1st Malaysian Open Grand Prix 2019» жүлдегері, орта қашықтыққа жүгіруде үш Азия чемпионатының қатысушысы. Дельдеш Дастан-биатлоннан ҚР спорт шебері, Әлем кубогы, Еуропа және әлем чемпионаттары кезеңдерінің қатысушысы. Кездесу жылы және достық жағдайда өтті. Қонақтар студенттерге колледжде өткізген жылдары туралы айтып, интерактивті тақтада спорттық өмірдің ең қызықты сәттерін бейнелейтін фотосуреттерді көрсетті, еңбек қызметі туралы әсерлерімен бөлісті, студенттерді мақсатқа жетуге ынталандырды, студенттердің сұрақтарына жауап берді.



Текст
Виртуальная приемная