WorldSkills Kazakhstan 2022 VII өңірлік чемпионаты

13.04.2022

2022 жылдың 7-9 сәуірі аралығында Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжінде «Электромонтаж», «Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Дене тәрбиесі және спорт» құзыреттері бойынша WorldSkills Kazakhstan 2022 кәсіби шеберліктің өңірлік чемпионаты өтті.

Чемпионаттың мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және шеберліктерін дамыту. Чемпионатқа Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық, Гуманитарлық-техникалық колледждерінің, Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері қатысты.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша «Электромонтаж» құзыреті бойынша жүлделі орындарды иеленді:

1 орын – Иванов Борислав, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті;

2 орын – Денис Гноевых, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті;

3 орын – Вячеслав Дускен, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті.

«Жолаушылар вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету» құзыреті бойынша жеңімпаздар:

1 орын – Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері Семизоров Вадим, Сафронов Владимир;

2 орын – Дмитрий Пунтус, Гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті;

3 орын – Худяков Артём, Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенті.

«Дене тәрбиесі және спорт» құзыреті бойынша жеңімпаздар:

1 орын – Мягких Андрей, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті;

2 орын – Екатерина Кисель, Игорь Лунев, Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжінің студенттері;

3 орын – Юлия Токарева, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті.

Чемпионат жеңімпаздары дипломдармен, ал қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға табыс тілейміз!



Текст
Виртуальная приемная