Қазақ халқының ұлы көсемі — Ахмет Байтұрсынов

06.09.2022

2022 жылдың 5 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде 1 курс студенттері арасында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Қазақ халқының ұлы көсемі — Ахмет Байтұрсынов» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты: қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде студенттер бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.

Студенттер іс-шараға белсене қатысып, өз мақалалары мен өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ олар А.Байтұрсынов туралы презентацияны, бейнені көріп, өз әсерлерімен бөлісті.



Текст
Виртуальная приемная