Ұлты ұлықтаған ұлы ұстаз

02.09.2022

02.09.2022 жылы Солтүстік Қазақстан кәсіптік–педагогикалық колледжінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлты ұлықтаған ұлы ұстаз» тақырыбында 2-3 курс студенттері арасында әдеби кеш өткізілді.

Әдеби кештің мақсаты: Қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айырықша зор тұлға - Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім - тәрбиелік ойларының негізінде студенттер бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.

Әдеби кеште А.Байтұрсынұлының өмірі мен қызметіне арналған бейнебаян көрсетілді. Ұлтымыздың ұлы ұстазы туралы студенттерге толығырақ мәлімет беру үшін сөз кезегі баяндамашыға берілді.

Ахмет Байтұрсынұлының «Туысыма», «Оқуға шақыру», «Жұртыма», «Жазушының қанағаты» атты отты өлеңдерін студенттер мәнерлеп жатқа айтып берді. Сонымен қатар әдеби кеште ақынның «Аққұм» әні тыңдалды.

Әдеби кешті қорытындылай келе, студенттер Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған викториналық сұрақтарға жауап берді.

Қазақ тілі мени әдебиет пәнінің оқытушылары: Жусупова А. Т., Басығарина Б.Б.



Текст
Виртуальная приемная