Ұлы даланың ұлы есімдері

17.05.2022

2022 жылдың 16 мамырында Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжінің кітапханасында «Ұлы даланың ұлы есімдері» тақырыбында 1 курс студенттерінің қатысуымен әңгімелесу сағаты өткізілді.

Іс-шара барысында студенттер Қазақ хандығының құрылу тарихымен және алғашқы қазақ хандарының қызметімен танысты. Кітапханашылардың әңгімесімен жалғасқан мазмұнды және жарқын презентация студенттердің туған елдің тарихына деген үлкен қызығушылықтарын тудырды.Іс-шара барысында тақырыптық бейнеролик те көрсетілді. Қазақ халқының біртуар ұлдарының ерліктері туралы материалдар студенттерді ерекше қызықтырды.

Білім алушылардың патриоттық, азаматтық сезімдерін қалыптастыруда іс-шараның тәрбиелік мәні зор болды.



Текст
Виртуальная приемная