«2019 Worldskills Kazakhstan” V кәсіби шеберлік чемпионаты

18.11.2019

2019 жылдың 11 мен 15 қараша аралығында «WorldSkills Kazakhstan 2019» – V Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионаты өткізілді. «WorldSkills Kazakhstan 2019» Чемпионаты жас кадрларды экономиканың өндірістік секторына тартуға және елдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ықпал етеді.
Еліміздің 17 аймағынан 400-ден астам жас маман (22 жасқа дейінгі) WorldSkills-тің 38 құзыреттілігі (мамандықтары) бойынша сайысты. Конкурсқа қатысушыларды 500-ге жуық сарапшы бағалайды.

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық тколледжі «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Электромонтаж жұмыстары» құзырлықтары бойынша қатысты. Осы құзырлықтар бойынша 17 команда қатысты. Конкурсанттар Смирнов Владимир және Зябликов Иван тапсырмалар модулін сәтті орындады.

«Кнауф Гипс Капчагай предприятие с участием ДЭГ» ЖШС компаниясы «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзырлығы бойынша кезекті чемпионатқа қатысу үшін қолдау көрсетті. 2016 жылдан бастап КНАУФ «Холдинг Кәсіпқор» ҰАҚ серіктестігі болып табылады. Тәжірибелік тапсырмаларды орындау үшін КНАУФ материалдары ұсынылған болатын.

WorldSkills Kazakhstan Чемпионатының салтанатты жабылу рәсімі Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Онда чемпионат жеңімпаздарын марапаттады. «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзырлықтары бойынша

бірінші орынды Владимир Смирнов алды, оған Кнауф компаниясынан 100 мың теңге және құрғақ құрылысқа арналған құрылғылар сыйға тартылды.

Зябликов Иван«Электромонтаж жұмыстары» құзырлықтары бойынша жеңімпаз атанып «Кәсіби шеберлігі үшін медаль» иеленді.

Біздің жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!



Текст
Виртуальная приемная