Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің Құрметті ұстаздары, қызметкерлері мен студенттері!

19.05.2020

Сіздерді Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен және Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

9 мамыр - Ұлы Отан соғысы кезінде өмірден өткен барлық адамдар үшін, ең ауыр шығындар мен ауыр сынақтардың нәтижесінде, азаматтық бірліктің арқасында фашистік агрессияны мәңгілікке тоқтатқан әскери және еңбек ерліктерін еске алу күні.

Солтүстік Қазақстан облысының әрбір үшінші тұрғыны өз Отанын қорғау үшін әскерге шақырылды. Олардың көпшілігі жоғары марапаттармен және медальдармен марапатталды, 66 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры және Даңқ орденінің толық иегерлері атанды.

Біздің ортақ міндетіміз - жас ұрпаққа Жеңіс сарбаздарының, тыл еңбеккерлерінің ерлігін құрметтеуге және есте сақтауға тәрбиелеу.

Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.



Текст
Виртуальная приемная