Чемпиондардың жеңісі

15.03.2022

2022 жылдың 10-13 наурызы аралығында Щучье қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжі және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының оқу-жаттығу орталығының базасында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы мен республикалық «Жас ұлан» мектеп оқушыларының I Республикалық спартакиадасы өтті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 80-ге жуық бозбала пневматикалық винтовкадан ату, тартылу, шаңғы жарысы бойынша сынға түсті. Жарыстарда үздік дене шынықтыру дайындығын Солтүстік Қазақстан облысының атынан қатысқан Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері Евгений Мосиенко мен Станислав Лосеев көрсетті. Жеке біріншілікте Евгений барлық пәндер бойынша мықты болып, көпсайыс қорытындысы бойынша 1-орынға ие болды. Станислав жеңімпаздан бар болғаны 23 ұпай жоғалтып, екінші болды. Бұл нағыз жеңіс болды!

Командалық есепте біздің спортшылар Спартакиаданың Чемпиондар кубогын жеңіп алып, ең жақын қарсыласы – Батыс Қазақстан облысынан 103 ұпаймен озып алға шықты, 3-орынға Нұр-Сұлтан қаласының командасы ие болды.

Спортшыларды жарқын жеңістерімен құттықтап, алға қойған мақсаттарына жетуде табыс тілейміз!



Текст
Виртуальная приемная