«Менің Қазақстаным» салтанатты іс-шарасы

22.10.2022

21 қазанда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің акт залында Республика күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Колледж директоры Еркін Айдарбекұлы Жақыпов барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, оқытушылар мен студенттерге марапаттар мен алғыс хаттар табыс етті.

Концерттік бағдарламада мемлекеттік тілде патриоттық әндер шырқалды, домбырада күйлер мен ұлттық би нөмірлері орындалды.

Бағдарламаның басты ерекшелігі-колледж студенті Сенкин Максимнің жетекшілігімен S'avancer хореография мектебінің балалары орындаған «Ча-ча-ча» биі болды.



Текст
Виртуальная приемная