«ТОП 100»

21.12.2019

2019 жылғы 19 желтоқсанда сағат 19.00-де жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласында «Оқушылар сарайы» ғимаратында өткізілді. Жоба техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларын құзыреттіліктерін арттыруға және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға ынталандыру мақсатында, колледждердің 100 үздік студенттерін танымалдыққа, көтермелеуге және ілгерілетуге бағытталған.

Елорданың кәсіптік-техникалық колледжі базасында өткен іс-шара аясында студенттердің жеке және кәсіби өсу бағдарламаларын іске асыратын жаттықтырушылардың қатысуымен шеберлік сыныптары мен тренингтер өткізілді.

«ҚР колледждерінің ТОП-100 студенттері» жобасының жеңімпаздары Солтүстік Қазақстан облысынан Сапаев Артур – Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша үздік студент, биатлоннан халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпазы.

Жоба ұйымдастырушыларынан оған диплом және жоба жеңімпазы төсбелгісі, сонымен қатар, Қазақстанның Синергия университетінің президенті Бауыржан Қасымбергебаевтың «Табыс негіздері» онлайн курсынан өткендігі туралы сертификат табысталды.



Текст
Виртуальная приемная