Қазақстан Республикасындағы ТОП 100 колледж студенттері

12.10.2020

2020 жылдың қыркүйегінен бастап «Талап» КЕАҚ «Қазақстан Республикасының ТОП 100 колледж студенттері» жобасын жүзеге асыруда.

Жобаның мақсаты: талантты жастарды қолдау, білім, білік және дарынның арқасында жетістікке жеткен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік студенттерін және олардың жұмыс біліктілігін танымал ету.

Бұл жобаға Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері де қатысады:

Заватский Дмитрий 4 курс студенті «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша, оқу үздігі, жеңіл атлетикадан ҚР спорт шеберіне кандидат, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты еріктілер лигасының мүшесі;

Мусин Қайсар, «Төтенше жағдайлардан қорғану» мамандығының

3 курс студенті, оқу үздігі, «Елбасы медалі» республикалық жобасының қатысушысы, «Қамқор» еріктілер клубының мүшесі, өрт-қолданбалы спорт түрлерінен республикалық жарыстарға қатысушы;

Ямщикова Диана «Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркемдік өнер шығармашылығы» мамандығының 4 курс студенті, өлеңдер және әндер жазады, хореографиямен, жекпе-жек өнерімен айналысады, республикалық «Елбасы медалі» жобасының қатысушысы, Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанатының мүшесі, колледждің еріктілер және экологиялық клубының мүшесі, сабақтан бос уақытында Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрында жұмыс істейді;

Галицкий Сергей - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының

2 курс студенті, батуттан секіру бойынша ҚР спорт шебері, ҚР жастар құрамасының мүшесі, «Денсаулық флешмоб» әлеуметтік жобасының ұйымдастырушысы, «Атамекен» экологиялық клубының мүшесі.

Құрметті студенттер!

2020 жылғы 12 қазаннан 20 қазанға дейін интернет желісінде http://kasipkor.kz/prod/top100/region.php?id=14. онлайн дауыс беру жүргізіледі.

Сіздердің дауыс беруге қатысуларыңыз біздің студенттерімізге Қазақстан Республикасының ТОП 100 колледж студенттерінің қатарына кіруге және колледжіміздің беделін арттыруға мүмкіндік береді.



Текст
Виртуальная приемная