2021 жылдың 15 наурызында колледжде "Атамекен" экоклубының белсенділері бірінші курс студенттерімен «Табиғатпен бірге!» экологиялық марафон өткізді.
Іс-шараның мақсаты: жер планетасының экологиялық мәселелері туралы студенттердің білімін кеңейту; табиғатқа қатысты белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру.
Іс-шарада экологиялық апаттардың себептері мен салдары, сондай-ақ жастардың туған өлкесінің табиғатын сақтаудағы рөлі қаралды.
Іс-шара жастарды планетамызды өздері және болашақ ұрпақ үшін сақтауға шақырумен аяқталды.
![](/public/sova_sko_skppk/files/2021/3/16/160321_092220_1.jpg)
![](/public/sova_sko_skppk/files/2021/3/16/160321_092231_2.jpg)
![](/public/sova_sko_skppk/files/2021/3/16/160321_092241_3.jpg)