«Ел болашағы - жастардың қолында!»

29.11.2019

2019 жылғы 29 қарашада Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты жалпыреспубликалық ашық сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты: қазақстандық патриотизмді, ұлттық бірегейлікті қалыптастыру; тәуелсіз мемлекет - Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлінің маңыздылығын түсіну.

«Назарбаев - дәуір адамы» бейнефильмімен сабақ басталды. Н.Ә.Назарбаевтың қысқаша барлық қызмет жолдары, оның ішінде өмірбаяны туралы мәліметтер бейнеленген.

«Елбасының көшбасшылық сабақтары - Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің табысты сабақтары» және колледждің «Я - профи» олардың кейіпкерлері - республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары және батутта секіру халықаралық турнирлердің жеңімпазы болған колледж студенті бейнероликтері көрсетілді. Бейнероликтердің сюжеттері өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тану мүмкіндіктері, жетістікке жету, салауатты өмір салты мен шығармашылық ізденіске бағытталған жағдайлар туралы колледж мәжілісіне қатысушылардың арасындағы диалогтың жарқын бастамасы болды.

Іс-шараның қонағы Денис Александрович Ветошкин, дене шынықтыру пәнінің оқытушысы, «Үздік педагог - 2019» байқауының жеңімпазы студенттерге жеңіске жетудің тарихы туралы әңгімелеп берді.

Қазақстандық мемлекеттілікке саналы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған маңызды сабақ нағыз патриотизм сабағы болды.



Текст
Виртуальная приемная