Гір көтеруден жарыс

29.11.2021

2021 жылдың 25 қарашасында А.Винокуров спорт сарайында «Сұңқар» облыстық спартакиадасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары арасында гір көтеруден жарыс өтті. Спортшылар 53 келі, 58 келі, 63 келі, 68 келі, 73 келі, 78 келі, 80 келі және одан жоғары салмақ дәрежелері бойынша сынға түсті.

СҚКПК құрама командасы мүмкін болатын 7 медальдің 7 жүлдесін жеңіп алып, ірі жеңіске жетті. Марциновский Виталий (466 топ), Тілеубек Жәнібек (461 топ), Снытко Роман (366 топ) және Мейрам Бекежан (267 топ) жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Екінші орынды Виктор Устинович (466 топ) пен Андрей Михайлов (466 топ), үшінші орынды Максим Бондарь (391 топ) иеленді.

Виталий Марциновский көрсеткен нәтиже Қазақстан Республикасы спорт шеберінің нормативіне сәйкес келеді. Спортшыға атақ беру үшін оны 2021 жылдың желтоқсан айында өтетін республикалық жарыстарда растау қажет.

Команданы жеңісімен құттықтап, жаңа жеңістер тілейміз!



Текст
Виртуальная приемная