Өрт сөндіру-құтқару спортынан жарыс

19.10.2022

2022 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы күні мен Құтқарушылар күнін мерекелеу шеңберінде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша «Төтенше жағдайда қорғану» және «Өрт қауіпсіздігі» мамандықтарының колледж студенттері арасында жарыстар өткізілді.

Жарыстың мақсаты колледж студенттерінің құтқару-саптық дайындық бойынша нормативтердің орындалуын практика жүзінде көрсету болып табылады.

Міндеттері: өрттен-құтқару спортын насихаттау, кәсіби шеберлік деңгейін жетілдіру, қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға деген ынтасын арттыру.

Іс - шараға Солтүстік Қазақстан облысы азаматтық қорғау органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Увалиев Сағынбай Қойбағарұлы, "Next" қоғамдық қорының спорттық бағыттағы Президенті Мұстафина Алма Таласпайқызы шақырылды.

Жарысқа жалпы саны 54 студент қатысатын 9 колледж командасы қатысады.

Жарыс 4 кезеңнен тұрады: өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін кию, тартылу, жауынгерлік орналастыру және шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 2-қабатына көтерілу.

Жарыс қорытындысы бойынша табанды күресте 491 топтың командасы жеңіске жетті, оған Ауыспалы чемпион кубогы табыс етілді, екінші орынды 396 топтың командасы, үшінші орынды ТЖҚ-2-22 тобы иеленді, оларға кубоктар, грамоталар мен медальдар табысталды. Жеке біріншіліктегі кезеңдердің жеңімпаздары 491 топ студенті Арыстан Әлішер, ПБ-22 тобының студенті Астахова Анастасия, 296 топ студенті Алпеев Даниил болды, олар атаулы кубоктармен, грамоталармен және медальдармен марапатталды.



Текст
Виртуальная приемная