«Жас отбасы және әлеуметтік саясат» семинары

08.04.2022

2022 жылғы 8 сәуірде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде 4 курс студенттерімен «Жас отбасы және әлеуметтік саясат» тақырыбында семинар өтті.

Шараның мақсаты – отбасының қоғамдағы беделі мен рөлін нығайту.

Шараға шақырылған қонақтар:

«Петропавл қаласы әкімінің аппараты» әкім аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім бастығы Ахметова Б.Н., Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің бас маманы Зуевич Е., Петропавл қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы Е.Н.Завьялова, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» КММ Жастар бастамалары және NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру бөлімінің басшысы Волкова А.С.

Семинарда мамандар жастарды жас отбасыларды мемлекеттік әлеуметтік қолдаудың негізгі бағыттарымен, әлеуметтік төлемдер мен қызмет көрсету жүйесімен таныстырды.

Студенттер мықты одақты қалай құруға болатыны және оның нені негізге алатыны туралы мамандардан кеңестер, ұсыныстар алды, өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша жеке кеңестер ала алды.

Тыңдаушыларға «Жақсы ата-ананың құпиясы», «Бақытты неке жолшысы», «Неке – жауапкершілікті талап ететін іс!» ақпараттық брошюралар таратылды.

Семинар ашық диалог форматында өтті.



Текст
Виртуальная приемная