WorldSkills Aqmola - 2022 өңірлік кәсіби шеберлік байқауы

25.04.2022
WorldSkills Aqmola - 2022 өңірлік кәсіби шеберлік байқауы
21-22 сәуір аралығында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің командасы арнайы пән оқытушысы Б.Е.Асқарбековтің жетекшілігімен Көкшетау қаласында «Құтқару жұмыстары» құзыреті бойынша WorldSkills Aqmola - 2022 өңірлік кәсіби шеберлік байқауына қатысты. Чемпионат Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің базасында өтті.
Осы құзырет бойынша ҚР колледждерінің 5 командасы қатысты: БҚО «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК, Атырау облысының «Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі» КМҚК, «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК, Көкшетау қаласының «Арна» колледжі және Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі.
Жарысқа «Өрт қауіпсіздігі» және «Төтенше жағдайда қорғану» мамандықтарының студенттері қатысты.
Жеребе бойынша СҚКПК командасы 1-ші нөмірге ие болды, бұл сенімділікті арттырды, өйткені құтқарушылар әрқашан барлық жерде және барлық кезде бірінші болуы керек.
Бірінші күні сайыс 3 модуль бойынша өтті:
- БОП (жауынгерлік киім) және фильтрлеуші противогаздарды кию;
- жарылғыш жүктерді авариялық аймақтан жылу және түтін камерасында тыныс алу мүмкін емес ортада іздестіру және эвакуациялау;
- альпинистік жаттығулары: зардап шегушіге таңғышпен қос құтқару ілмегін тоқу.
Тек біздің командада бұл жаттығуды қыз орындағанын және барлық жігіттер қатысқан 5 қатысушының арасында 43,72 секундта ең жақсы нәтиже көрсеткенін атап өткім келеді.
Екінші күні тағы 4 модуль бойынша жарыстар өткізілді:
- өрт-техникалық құралдармен жұмыс істеу: өрт сөндіру түтіктерін ағыту, қосу және орау;
- Оқу мұнарасының 3-қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу, бұл модульде ең жақсы уақытты колледжіміздің студенті Денисенко Илья көрсетті, 17 секунд нәтижемен;
- жәбірленушіге алғашқы медициналық көмек көрсету және жауынгерлік киіммен тасымалдау;
- құтқарушылардың эстафетасы.
Кәсіби конкурстың қорытындысы бойынша:
1-орынды 79,99 ұпаймен Ақмола облысы Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы иеленді;
2 орын – 66,16 ұпаймен БҚО Оралқ. Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің командасы;
3 орын – 64,38 ұпай жинаған Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің командасы.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға табыс тілейміз!


Текст
Виртуальная приемная