Аймақтық WorldSkills чемпионаты - кәсіби шеберлікке қадам

25.11.2020

2020 жылдың 20 қарашасында колледжде үш құзіреттілік бойынша WorldSkills чемпионаты өтті:

• «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары»;

• «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу»;

• «Электромонтаж»

Әр құзірет бойынша 5 адам қатысты. Тапсырманың сапасы мен жылдамдығын бағалауды CIS (Competition information system) автоматтандырылған жүйесі бойынша сарапшылар жүргізді.

Өлшеу нәтижелері жүйеге және нәтижелерді автоматты түрде шығаратын WorldSkills бірыңғай мәліметтер қорына енгізілді.

Байқау қорытындысында «Электромонтаж» құзіреті бойынша: 1 орын- Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің 3 курс студенті Ильин Игорь, 2 орын - Хайрулин Михаил Петропавл қаласының машина жасау колледжінің 2 курс студенті, 3 орын - Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің 3 курс студенті Максимов Андрей.

«Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзіреті бойынша: 1 орын- Кузин Константин 4 курс студенті, 2 орын- 4 курс студенті Фоминых Андрей, 3 орын - Ілияс Жұматаев, 4 курс студенті. Олардың барлығы - Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері.

«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу» құзіреті бойынша: 1 орын – Полохач Николай, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің 3 курс студенті, 2 орын-Данилов Игорь, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің 3 курс студенті, 3 орын-Черепашкин Владимир, Петропавл қаласының машина жасау колледжінің

2 курс студенті.

Байқау «Жас маман» жобасы бойынша сатып алынған ең жаңа жабдықтарды қолдану арқылы өтті.

Чемпионатқа қатысушыларды жеңісімен құттықтаймыз!



Текст
Виртуальная приемная