Кәсіби өмірге жолдама

04.03.2022

2022 жылдың 3 наурызында Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжінде Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығының маманы Қабиден Ғамзат және Петропавл қаласының жұмыспен қамту орталығының маманы Магуянов Болатпен 3 және 4 курс студенттерінің кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты студенттерді жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы ақпараттандыру болды. Сұхбат барысында мамандар кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру мақсатында елімізде жүзеге асырылып жатқан жобаларға, облысымыздағы құрылыс жасақтарының қызметі туралы айтты.

«Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімі» қызықты және нақты жобалары колледж түлектерінің кәсіби қызметке жолдамасы және еңбек жолының бастауы болмақ.



Текст
Виртуальная приемная