«Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК білім беру қызметтерінің ақпараттық ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлер мен студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен мінез-құлықты қалыптастыру және дамыту бойынша көптеген жұмыстар жүргізуде.
Колледжде адалдық және корпоративті мәдениет институты қалыптасуда.
«Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт, әдеп кодексі және Академиялық адалдық ережелері әзірленді және енгізілді.
Біздің колледж сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, адалдық және академиялық адалдық қағидаттарын өз қызметінің негізгі қағидаларының бірі ретінде қабылдайды.
Осыған байланысты 2019 жылдың 28 қаңтарында «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК «Саналы ұрпақ» студенттер клубы құрылды.
![Эмблема](https://www.nkzu.kz/files/pics/Logo%20Sanaly%20urpaq.jpg)