Кәсіптік бағдар беру

24.01.2022

2022 жылдың 20 және 21 қаңтарында Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының мектептерімен онлайн кәсіптік бағдар беру кездесулері өтті. Мектеп оқушыларымен әңгімелесуді колледждің педагогикалық-оқытушылық құрамы студенттік парламентпен бірге жүргізді.

Мектеп түлектері колледждің қалыптасу тарихы мен жетістіктерімен, материалдық-техникалық базасымен, болашақ мамандар даярланатын мамандықтармен, әлеуметтік серіктестермен, студенттер өндірістік тәжірибеден өтетін және оқу орнын аяқтаған соң, болашақта жұмысқа орналаса алатын кәсіпорындармен танысты.

24 қаңтардан бастап қала мектептері әдеттегі оқу режиміне оралады, ал кездесулеріміз офлайн режимде жалғасады.

СҚКПК студенттік парламентінің баспасөз және ақпарат фракциясы



Текст
Виртуальная приемная