Онлайн форматта кәсіптік бағдар беру

13.04.2023

2023 жылғы 12 сәуірде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің оқытушылары М.В. Сүлейменов, Б.С.Елеманова, А.К.Нұртазин және Д.С.Нұртазин Ақжар ауданы мектептерінің бітіруші сынып оқушыларымен онлайн режимде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Түлектер колледжге түсу ережелерімен, болашақ білікті мамандарды даярлайтын мамандықтармен, материалдық-техникалық базамен және әлеуметтік серіктестермен-студенттер өндірістік практикадан өтетін, өндірістік процеске белсенді қатысатын, нәтижесінде таңдалған мамандық бойынша еңбек тәсілдерін меңгеретін кәсіпорындармен танысты.



Текст
Виртуальная приемная