Жастар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу. Заңды сақтау

07.09.2022

2022 жылдың 7 қыркүйегінде колледж студенттерінің «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу. Заңды сақтау» тақырыбында

Петропавл қ. ПБ ювеналды полиция бөлімінің учаскелік инспекторымен, аға лейтенант В.Н.Моисеевамен кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты – білім беру ортасында білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру.

Профилактикалық әңгіме барысында темекі шегудің, ішімдік ішудің, әдепсіз сөздерді қолданудың алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз көшеде және ойын-сауық орындарында жүруі т.б.

Студенттердің назарына қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіретін әрекеттер үшін жауапкершілікті қарастыратын әкімшілік және қылмыстық заңнама нормалары жеткізілді.

Студенттердің ювеналды полиция инспекторымен әңгімелесу түріндегі қарым-қатынасы студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды және кәмелетке толмағандар жасайтын заңсыз әрекет түрлерінің ауырлығын түсінді.

Сөз соңында инспектор студенттерге құқықбұзушылық жасамай, өмірбаяндарын есепке тіркеусіз сақтауларына тілек білдірді.



Текст
Виртуальная приемная