Футбол мерекесі

14.04.2022

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде колледж директоры Бегалин Сүйіндік Қазиқанұлын еске алуға арналған футзалдан XIV ашық республикалық турнир аяқталды.

Жарыстың бірінші күні финалға шығу үшін алдын ала ойындар өткізілді. Екінші күні ойыншылар турнирдің басты кубогы – Чемпиондардың ауыспалы кубогын сарапқа салды.

3-орын үшін күресте Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі мен Жоғары медициналық колледжінің студенттері кездесті. Ойын турнир қонақтарының сенімді жеңісімен аяқталды.

Бір қызығы, жарыстың бірінші кезеңінен кейін Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің қос командасы да финалға шықты.

Қандай да бір болжам жасау қиын болды, өйткені екі команда да жеткілікті мықты және жеңіске сенімді түрде барды.

Ымырасыз күрес нәтижесінде СҚ КПК-1 командасы 4:1 есебімен жеңіске жетті. Тағы да Чемпиондар кубогы өз үйімізде қалды. Турнирде екінші орынды СҚ КПК-2 командасы иеленсе, Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің футбол командасы қола жүлдегер атанды.

С.Қ.Бегалиннің туыстары жеңімпаздарды марапаттау үшін сыйлықтар табыстады. «Үздік қақпашы» номинациясы бойынша жүлдені Игорь Лунев (СҚ КПК-1), «Үздік шабуылшы» Есламбеков Райымбек (СҚ КПК-2), «Үздік қорғаушы» Артур Доспаев (ҚИПК) деп танылды. «Үздік жаттықтырушы» кубогын Д.А.Ветошкин алды. (СҚ КПК).

Турнир барлығы үшін нағыз футбол мерекесіне айналды!



Текст
Виртуальная приемная