Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

28.03.2022

Щучинск қаласында биатлоннан жасөспірімдер арасында Азияның ашық чемпионаты аяқталды. Жарысқа Моңғолия, Қырғызстан және Қазақстанның ең мықты спортшылары қатысты.

Қазақстандық спортшылар үшін бұл 2023 жылы өтетін әлем чемпионатына қатысуға іріктеу кезеңі болды.

Чемпионатқа Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.

4 курс студенті Омаров Диас бірден төрт медаль жеңіп алып, керемет жетістікке жетті! Диастың жеке жарыста 10 және 12,5 шақырымдық қашықтықтағы теңдесі жоқ – нәтижесінде екі «алтын». 7,5 шақырымдық спринттік жарыста спортшы мәреге екінші болып, күміс медальді салды. Ерлер арасындағы эстафеталық жарыста студенттеріміз Диас Омаров пен Виктор Бровко қола жүлдені жеңіп алды.

Қыздар арасында эстафеталық жарыста 2 курс студенті Арина Чищенко жеңімпаз атанып, алтын медальға қол жеткізді.

Спортшыларды лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және алдағы жарыстарға дайындықта табыс тілейміз!



Текст
Виртуальная приемная