Кітап көрмесіне бару

10.04.2023

2023 жылдың 7 сәуірінде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері "Бір-кітап" республикалық акциясы аясында Төлен Әбдіковтің шығармашылығына арналған кітап көрмесімен танысты. Іс-шараға қатысушыларға жазушы, драматург, қоғам қайраткері Т.Әбдіковтің өмірі мен шығармашылығы туралы айтылды. Кітап көрмесінде жазушының орыс, ағылшын тілдеріне аударылған кітаптары ұсынылды. Т.Әбдіков туралы деректі фильмнен, жазушының "Қыз Бәтіш" әңгімесі мен "Өтелмеген парыз", "Оң қол" повестері негізінде түсірілген қысқаметражды фильмдерден үзінділер көрсетілді. Іс-шара "QYZYLJAR" телеарнасының жаңалықтар арналарында жарияланды.



Текст
Виртуальная приемная