Ғажайыптар алаңы - керемет пәндер

15.03.2021

2021 жылғы 12 наурызда колледжде жалпы білім беру және жалпы кәсіптік пәндер циклдық онкүндігі аясында «Ғажайыптар алаңы - керемет пәндер» зияткерлік ойыны өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: танымдық және қызықты ойындар арқылы жалпы білім беру пәндеріне қызығушылық тудыру, салауатты бәсекелестік рухын, қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу.

Ойынға 1 курс студенттері қатысты, олар танымал ток-шоудың қатысушылары болды, ерекше белгілері барабан, сектор - жүлде, екі қобдиша және супер ойын.

Ойын ережелерін қатаң сақтай отырып, студенттер өз білімдерін көрсетіп, жеңімпаз болуға тырысты. Ойын кезеңдері арасында қатысушылар мен көрермендерге 1 курс студенттерінің орындауында көркемөнерпаздар нөмірлері ұсынылды.

Ойынның жеңімпазы 116 тобының студенті Тихонов Семен атанды. 2 орынды 146 топ студенті Баталов Иван, 3 орынды 12 топ студенті Имаев Александр иеленді. Ойынның барлық қатысушылары жүлделерсіз қалған жоқ, оларға грамоталар мен сыйлықтар берілді.

Қызықты және мазмұнды ойын студенттердің жалпы білім беру пәндерін оқуға деген қызығушылығын арттырды.



Текст
Виртуальная приемная