«Тәуелсіздік шаңырағы астында» атты поэзиялық подиум

09.12.2021

8 желтоқсан күні Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік шаңырағы астында» атты үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) поэзиялық подиум ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты:

- жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру;

- авторлар мен жерлес ақындардың шығармашылығына қызығушылықтарын ояту;

- өлең оқыту арқылы поэзияға деген қызығушылығын арттыру.

Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық қашықтық мәнерлеп оқу байқауына қатысуға шақырылды.

Шараға колледждің 1-4 курс студенттері қатысты.



Текст
Виртуальная приемная