Іскерлік қадамдар

20.09.2022

2022 жылдың 19 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжінде жалпы облыс экономикасы үшін кәсіпкерліктің маңыздылығын көрсету мақсатында студенттермен «Бизнестің қадамдары туралы» пікірталас өтті.

Бұл іс-шара студенттерді кәсіпкерлік қызмет негіздерімен таныстыруға, біздің еліміздегі кәсіпкердің артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы әңгімелеуге, отандық кәсіпкерлер қызметінің нәтижелерін қоғамда танымал етуге ықпал етуге мүмкіндік берді.

Талқылау барысында студенттер кәсіпкерлік қызмет бойынша өз нұсқаларын айтып, қаламыздағы шағын кәсіпкерлік нысандарын мысалға келтірді.

Қорытындылай келе, бизнесте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізудің таптырмас шарттарының бірі бизнесті жүргізудің нысандары мен әдістері туралы қажетті білім алу болып табылады деген қорытындыға келдік.



Текст
Виртуальная приемная