С.Бегалинді еске алуға арналады

21.02.2020

20-21 ақпан күні «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК колледж директоры Сүйіндік Қазиқанұлы Бегалинді еске алуға арналған футзалдан XII Халықаралық турнир өтті.

Жарыс С.Қ.Бегалинді еске алуға, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының оқу орындарының достық қарым-қатынастарын нығайту мақсатында өткізілді.

Турнирге 8 команда қатысты: Ресей Федерациясының Омбы авиациалық колледжі, Петропавл қаласының футбол командалары: М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, медициналық колледжі, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі, Петропавл темір жол көлігі колледжі, гуманитарлық-техникалық колледжі, Солтүстік Қазақстан университеті колледжі және турнирді өткізуші - Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі.

Турнирдің ашылуына Сүйіндік Қазиқанұлы Бегалиннің туыстары, жолдастары, әріптестері қатысты. Сүйіндік Қазиқанұлы Бегалиннің қызы – Утеева Ләзат Сүйіндікқызы, Дене тәрбиесі, спорт және АӘД өңірлік оқу-әдістемелік орталығының директоры Сәдуақасов Қанат Бақытжанұлы, СҚО футбол федерациясының атқарушы директоры Асанов Жеңіс Мұхтарұлы, Петропавл қ. Құрметті азаматы - Құлжанов Бауыржан Ниязұлы, Облыстық белбеу күрес федерациясы қоғамдық бірлестігінің президенті Омаров Қанат Қосылұлы, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің директоры Жақыпов Еркін Айдарбекұлы қатысып, сөз сөйледі.

Жарыстың бас төрешісі турнирді ашық деп жариялады.

Мемлекеттік тулар көтеріліп, Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының әнұраны естілді.

Ұтыс ойынына сәйкес, командалар екі топқа бөлінді.

Жарыстың бірінші күні финалға шығу үшін алдын-ала ойындар өткізіледі, ал екінші күні – финалдық ойындар ойнатылады.

Командалар екі кіші топқа бөлініп, финалға шығу үшін күрес басталды.

Жарысты ұйымдастырушылармен «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік жаттықтырушы» номинациялары бойынша сыйлықтар дайындалды.

С.Қ.Бегалиннің отбасы жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерді құнды сыйлықтармен марапаттады.

Ресей Федерациясының Омбы авиациалық колледжінің және өткен жылғы турнирдің жеңімпаздары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері өз топтарында жеңіліссіз финалға шықты. Кез-келген болжам жасау қиын болды. Екі команда да жеңіске жетуге сенімді келе жатты.

Өз үйіңде қабырғалар ғана емес, қолдайтын жанкүйерлер де бар. Бір сәтте төреші финалдық ойынның аяқталғанын аңғартып дыбыс берді.

Кездесу турнирдің иелері үшін 5:4 жеңісімен аяқталды. Чемпиондар кубогы тағы да өз үйімізде қалатын болды. Турнирде екінші орынды Омбы авиациалық колледжі алды, ал М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің футбол командасы қола жүлдеге ие болды.

«Үздік қақпашы» номинациясын Маденов Владислав (Омбы авиациалық колледжі), «Үздік шабуылшы» номинациясын Иманов Әділ (М.Қозыбаев атындағы СҚУ), «Үздік қорғаушы» номинациясын Қайырбеков Абылайхан алды (СҚКПК).

«Үздік жаттықтырушы» кубогын Д.А. Ветошкин жеңіп алды (СҚКПК), өйткені ол чемпиондар командасын дайындады.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері С.Қ.Бегалиннің туыстары және Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі берген дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.



Текст
Виртуальная приемная