Есептік конференция диплом алдындағы педагогикалық практика бойынша

13.04.2022

2022 жылдың 12 сәуірінде "Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі" КМҚК Ғылым күніне арналған онкүндік аясында "Кәсіптік оқыту" мамандығының 4 курс студенттерінің диплом алдындағы педагогикалық практикасы бойынша "Тамақ өнімдерінің технологиясы және өндірісін ұйымдастыру" мамандандыруы бойынша есептік конференция өткізілді. Диплом алдындағы педагогикалық тәжірибе "И.Даутов атындағы қызмет көрсету саласы колледжі" КММ және "Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі" КМҚК базасында өтті. Іс-шара болашақ өндірістік оқыту шеберлерінің тәжірибесін қорытындылауға бағытталған. Студенттердің баяндамаларында презентациялар мен бейнематериалдармен сүйемелденген педагогикалық тәжірибе туралы ақпарат болды. Диплом алдындағы педагогикалық практика бойынша есеп беру конференциясының қорытындысын практика жетекшісі директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ш.К. Абильмажинова шығарды.



Текст
Виртуальная приемная