«Атамекен» жалпы республикалық патриоттық диктант байқауы

18.10.2022

2022 жылдың 17 қазанында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері"Атамекен" тақырыбында жалпы республикалық патриоттық диктант байқауына қатысты.

Диктант жазуға екі жүз бес адамнан тұратын бірінші және екінші курс студенттері қамтылды. Емле мен тыныс белгілеріндегі өз білімдерін орыс және қазақ тілінде сауатты жаза білді. Байқау Қазақстан Республикасының күнін мерекелеу аясында өткізілді. Сондай-ақ, байқау студенттердің Отанға деген сүйіспеншілік сезімін, өз елінің табиғатын бағалай және қорғай білуге бағытталған.

Қазақ және орыс тілдеріндегі ең үздік жұмыстар салтанатты жиында мадақтаулармен марапатталады.



Текст
Виртуальная приемная