Асық ату және бес асық ұлттық ойындарынан облыстық жарыстар

22.10.2022

2022 жылғы 22 қазанда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде Қазақстан Республикасы күніне арналған асық ату және бес-асық ұлттық ойыны бойынша Ашық облыстық чемпионат өтті.

Жарыстың мақсаты-ұлттық спорт түрлерін дамыту және мықты спортшыларды анықтау.

Ұлттық ойындардың танымалдығы жылдан жылға артып келеді. 2017 жылы асық ату ойыны ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының өкілдік тізіміне енгізілді.

Чемпионатқа СҚО-ның алты ауданынан: Есіл, Шал ақын, Жамбыл, Мамлют, Қызылжар және Уәлиханов аудандарынан спортшылар, сондай-ақ Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты және Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің «Жолбарыс» командасы қатысты.

Тәжірибелі ойыншылар өз шеберліктерін көрсетті, ал жастар бәсекеге қабілетті тәжірибе жинады.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері жарысты ұйымдастырушылар белгілеген грамоталармен, медальдармен марапатталады.

Чемпионаттың өкілдері мен қатысушылары объективті төрешілікті атап өтіп, жарысты жақсы ұйымдастырғаны және қонақжайлылығы үшін қабылдаушы тарапқа - Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжіне алғыстарын білдірді.



Текст
Виртуальная приемная