«Сұңқар» облыстық спартакиадасы

08.02.2023

2023 жылғы 7 ақпанда "Қарасай" стадионында колледждер арасында конькимен жүгіру спортынан жарыстар өтті. Спортшылар 300 және 500 метр қашықтықта жарысты. Командалық есепте Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері сенімді жеңіске жетті. 300 метр қашықтықтағы жасөспірімдер арасындағы жеке біріншілікте Замалиев Кирилл чемпион атанды, 2 орынды Брехт Роман, 3 орынды Чхубадзе Дэвид иеленді. 500 метр қашықтықта Брехт Роман 1 орынды иеленді, Чхубадзе Давид қола медаль иегері болды. 500 метр қашықтықтағы қыздар арасында Кузнецова Мария сенімді жеңіске жетті, Прох Людмила қола жүлдегер атанды. 300 метр қашықтықта біздің қыздар 2 және 3 орындарды бөлісті. Колледж құрама командасын табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және спорттағы жетістіктердің артуына тілектеспіз!



Текст
Виртуальная приемная