Спорт – денсаулық кепілі!

21.01.2020

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде 2020 жылғы 10 қаңтарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде, облыс колледждері және «Өрлеу» БАҰО АҚФ кәсіподақ ұйымдары арасындағы сапартакиа өтті.

Спорт күні облыстың педагогикалық жұмыскерлерінің арасында дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жаппай жетілдіру, оларды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту, ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында өткізілді.

Жарысқа СҚО колледждерінің 10 командасы қатысты. Жарыстың бағдарламасында бес спорт түрі болды: волейбол, шахмат, бес асық, асық ату, дартс.

Спорттық іс-шараның салтанатты ашылуы, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі студенттерінің көркемөнерпаздарымен және жарыс қатысушыларының тартысты әрі қызықты бастауы болды.

Директордың міндетін атқарушы Ю.А.Данилов қатысушыларға сәттілік және жеңіс тіледі.

Бір күн ішінде, жарыс алаңдарында педагогтар тобы өздерінің спорт түрлерінен үздіктерді анықтады.

Жалпы командалық есепте орындар келесідей бөлінді.

  1. орын - Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі;
  2. орын – Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі;
  3. орын – Петровка аграрлы-техникалық колледжі.

Спартакиаданың жабылуында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымының төрағасы Аюпов Б.Е. жарыстың барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, жеңімпаздарға медальдарды және жарыстың басты жүлдесі -спартакиаданың жеңімпаз командасы - Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжіне кубокты тапсырды.



Текст
Виртуальная приемная