«Наурыз-думан!»

18.03.2022

Наурыз мейрамына орай Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің мәжіліс залында «Қош келдін, нұрлы Наурыз!» атты мерекелік концерт өтті. Колледж директоры Жакупов Еркін Айдарбекұлы колледждің ұстаздар қауымын, қызметкерлері мен студенттерін келе жатқан мерекелерімен шын жүректен құттықтап, құрмет грамоталарын табыстады.

Концерттік бағдарлама әртүрлі жанрда өтті: вокал (соло, квартет), хореографиялық және аспаптық (домбыра, гитара).

Акт залында мереке, достық пен бiрлiктiң жылы атмосферасы орнады.



Текст
Виртуальная приемная