М.К.Аммосов - Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері

30.03.2023

2023 жылғы 29 наурызда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің 1 курс студенттері Якутия мен Қазақстанның көрнекті кеңестік мемлекет және қоғам қайраткері Максим Кирович Аммосовтың туғанына 125- жыл толуына арналған халықаралық конференцияға қатысты. Іс-шараны Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағаты ұйымдастырды. Конференцияға А.Н.Атласова бастаған - Мемлекеттік жиналыс төрағасының кеңесшісі (Ил Тумэн), Саха республикасынан (Якутия) делегациясы қатысты, Ю.С.Куприянов - Саха Республикасының Мәдениет және рухани даму министрі (Якутия); қазақстандық ғалымдар: Аяған Б. Г. - саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі, «Мемлекет тарихы институты» директорының м.а. тарих ғылымдарының докторы, профессор; Күзембайұлы Аманжол - профессор, тарих ғылымдарының докторы; Алимгазинов К.Ш. - тарих ғылымдарының докторы; Қырғызстаннан келген ғалым - Байдылдеев Ж. Р.; М.К.Аммосовтың немере жиені - Корякина Я. Е.; колледж оқытушылары мен студенттері, СҚО мектептерінің педагогтары, СҚО мәдениет және мұрағат саласының басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. «Аңызға айналған Максим» көрме-тұсау кесерінде алғаш рет бірегей мұрағаттық құжаттар, Максим Кировичтің өмірі мен қызметі туралы фотоқұжаттар: жеке іс, өмірбаян, оның газеттердегі мақалалары, жиналыстарда сөйлеген сөздері ұсынылды.



Текст
Виртуальная приемная