Конфессияаралық келісім және діни экстремизмді алдын-алу

07.02.2020

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде 6 ақпанда 2020 ж «Әлеуметтік даму және ақпарат орталығы» ҚМУ «СҚ облысы әкімдігінің ішкі саясат Басқармасы» ҚМУ жанындағы мамандары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық студенттерімен «Дінаралық келісім және діни экстремизмнің алдын-алу» тақырыбында кездесу өтті. Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту бөлімінің сарапшы-талдаушысы Сабаганова А.К. студенттерді Солтүстік Қазақстан облысындағы діни ахуалмен, дін саласындағы мемлекеттік саясатпен таныстырды.Маман деструктивті культтар мен жалған діни ұйымдардың белгілерін, жалған діни деструктивті ұйымда болу салдарын, жалған діни топтардың мүшелерімен кездесу кезінде мінез-құлық ережелері түсіндіріліп, діни саладағы заңды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертті.Дәріс «Сирия» тақырыптық бейнефильмін көрсетумен қатар жүрді.

Кездесу соңында Сабаганова А.К. студенттердің сұрақтарына жауап берді. Сарапшы-талдаушы Леднева Е.И. жастар ортасындағы діни ахуалды зерттеу мақсатында сауалнама жүргізді. Бұл кездесу жастардың имандылығын, адамгершілігін және толеранттылығын қалыптастыруда маңызды болды.

   



Текст
Виртуальная приемная