Спорт шебері болып тумайды, олар жүре қалыптасады!

24.02.2022

16-20 ақпан аралығында Орал қаласында қысқы Президенттік көпсайыс бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері Мария Павлова (166 топ) мен Милюкин Эдгар (14 топ) Солтүстік Қазақстан облысының құрама командасының құрамында болды.

Екі спортшы да жарыстардан Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын алып оралды! Мария 16-17 жас аралығындағы қыздар арасында жалпы көпсайыста ел чемпионы атанды, Эдгар ұлдар арасындағы жеке біріншілікте төртінші нәтиже көрсетті. Екі спортшы да облыс құрамасының құрамында эстафетаға қатысып, мәреге үшінші болып келді.

Жас спортшыларды шын жүректен құттықтаймыз!



Текст
Виртуальная приемная