Адамдар оқуды тоқтатқанда ойлауды да қояды

14.09.2022

Осындай ұранмен 12 қыркүйек күні Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжінде 1 курс студенттері арасында сұрақ-жауап сайысы өтті. Төтенше жағдайда қорғану мамандығы бойынша болашақ құтқарушылар және болашақ дене шынықтыру мұғалімдері екі командалар сайысқа түсті. Викторина Қазақстан халықы тілдері күніне арналған гуманитарлық пәндер онкүндігі аясында өтті.

Әр команда өздерін ерекше таныстыру, орыс тілі мен әдебиеті, театр өнері мен жазудан өз білімдерін көрсету бойынша сайысқа түсті. Бұл ретте оларға өз топтарының жанкүйерлері көмектесіп, қолдау көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: ФКП-22 «Білім – күш» тобы екінші жүлделі орынды иеленсе, ЗЧС (ТЖҚ)-1-22 «Даналар» тобы – бірінші орынға қол жеткізді! Жеңімпаздарды құттықтаймыз!



Текст
Виртуальная приемная