Үздік әдеби аудармашы

08.09.2022

2022 жылдың 7 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің 1 курс студенттері арасында Қазақстан халықтары тілдерінің онкүндігі аясында «Үздік аудармашы» байқау-ойыны өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – белгілі бір мәселелерді шешуде топтық жұмыс дағдыларын дамыту және ағылшын тілін үйренуге деген мотивация деңгейін арттыру.

Мұндай байқауды өткізу шығармашылық үдеріске тамаша мотивация тудырады, шет тілі сабақтарында алынған білім мен дағдыларды белсенді түсінуге ынталандырады, оқытылатын тіл елдерінің мәдениетіне деген сүйіспеншілікті, құрмет пен төзімділікті қалыптастырады.Колледж студенттері іс-шараға белсене қатысты және байқау қорытындысы бойынша «Үздік аудармашы» үздік ағылшын тілінің аудармашылары анықталды:

1 орын – Рубан Родион, ТТМ-22 топ және Евченко Роман, ТЖҚ-1-22 топ

2 орын – Щеголев Алексей, ТЭ-22 топ

3 орын – Шарипов Ренат, ТЖҚ-1-22 топ және Шатурская Александра, ТЖҚ-1-22 топ.

Жеңістерімен студенттерімізді құттықтаймыз!



Текст
Виртуальная приемная