Үздіктердің үздігі

15.09.2020

2020 жылдың 5 мен 15 қыркүйегі аралығында колледжде «Қазақстан Республикасы колледждерінің ең үздік 100 студенті» жобасының ішкі кезеңі өтті.

Жобаның мақсаты - талантты жастарды қолдау, жұмыс біліктілігін және білім, білік және дарынның арқасында жетістікке жеткен ТжКБ ұйымының үздік студенттерін танымал ету.

Ішкі кезеңге қатысу үшін жоба қатысушылары питч-презентация өткізді, өздерін болашақ маман ретінде таныстырған бейне-ролик көрсетті.

Осы кезеңнің жеңімпаздары:

- Мусин Қайсар «Төтенше жағдайда қорғану» мамандығының 3 курс студенті, оқу үздігі, республикалық «Елбасы медалі» жобасының қатысушысы, «Қамқор» еріктілер клубы, өрт-қолданбалы спорт түрлерінен республикалық жарыстардың қатысушысы;

- Ямщикова Диана «Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы» мамандығының 4 курс студенті, республикалық «Елбасы медалі» жобасының қатысушысы, «Қамқор» еріктілер клубы және «Атамекен» экологиялық клубы, Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанатының мүшесі, облыстық қуыршақ театрының актрисасы;

- Галицкий Сергей «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенті, батут гимнастикасынан ҚР спорт шебері, ҚР жастар құрамасының мүшесі, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы;

- Заватский Дмитрий «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенті, оқу үздігі, жеңіл атлетикадан ҚР спорт шеберлігіне үміткер, халықаралық жарыстардың жеңімпазы, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты еріктілер лигасының мүшесі.

Жобаға қатысушылар аймақтық кезеңге өтті, оның міндеттері: питч-презентация өткізу, өздерін болашақ маман ретінде көрсететін бейнефильм көрсету, эссе жазу, онда олар өздері туралы әңгімелейтін және студенттік жастарды дамытуға арналған өз жобасының идеясын ұсынады.



Текст
Виртуальная приемная