ХХI ғасыр көшбасшысы

05.03.2022

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1 курс студенттерімен оқытушы Мейрембаева Р.С. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынын өткізді.

Іс-шараның мақсаты: жалпы білім беретін пәндер бойынша дамудың интеллектуалдық деңгейін анықтау; студенттердің рухани өсуіне ықпал ету.

Ойын бес айналымнан тұрды: «Бәйге», «Полиглот», «Жорға», «Дода» және «Чемпион».

Жеңімпаздар сертификаттармен марапатталды:

1 орын – 126 топ студенті Плеханов Антон,

2 орын – 15 топ студенті Қуаныш Дархан,

3 орын – 14 топ студенті Дмитрий Соболь.



Текст
Виртуальная приемная