Қазақстанның мәдени және рухани мұрасы

18.10.2022

2022 жылғы 17 қазанда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде студенттермен "Қазақстанның мәдени және рухани мұрасы" тақырыбында интерактивті қарым-қатынас сағаты өтті.

Іс-шараның мақсаты шынайы патриотизм сезімін, өз Отанына деген сүйіспеншілікті, оның мәдениеті мен тарихына қызығушылықты тәрбиелеу болды. Сабақ интерактивтілік элементтерімен әңгімелесу түрінде өтті. Студенттердің тақырыпты талқылау бойынша шағын топтарда жұмысы ұйымдастырылды.

Интерактивті қарым-қатынас сағатының қорытындысы өз халқының, елінің салт-дәстүрлерін құрметтеу керек деген сенім болды.



Текст
Виртуальная приемная