«Ғарыштық технологиялар: бүгіні мен болашағы» дөңгелек үстел

14.04.2022

2022 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан Республикасының Ғылым күніне арналған онкүндік аясында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Ғарыштық технологиялар: бүгіні мен болашағы» атты дөңгелек үстел өтті.

Тақырыптық дөңгелек үстелге жалпы білім беретін және жалпы кәсіптік пәндердің оқытушылары мен 1 курс студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелде келесі бағыттар талқыланды:

1. Байқоңыр қаласының географиялық орны.

2. Ғарышкерлікке үміткерлерді дайындаудың заманауи әдістері.

3. Ғарышкерлерге арналған тағам.

4. Зымырандарды ұшыру процесі.

5. Ғарыш аппаратын түйістіру және арқандап байлау.

6. Десанттық зымырандар.

7. Ғарышқа ұшудан кейін ғарышкерлерді қалпына келтіру.

8. Солтүстік Қазақстан облысының ғарышкерлері.

9. Болашақ ғарышта!

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар келесі қорытындыға келді:

1. Ғарыштық зерттеулер бүкіл әлемде өзекті, бұл салаға біздің елімізде де үлкен көңіл бөлінеді.

2. Бүгінгі таңда зымыран-ғарыш саласы ғылыми-техникалық әлеуетті дамытуға мүмкіндік беретін заманауи технологиялар мен әзірлемелер болып табылады.



Текст
Виртуальная приемная