Сыбайлас жемқорлық заңсыз әрекет ретінде

13.10.2022

2022 жылдың 12 қазанында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «SANALY URPAQ» клубының белсенділері және студенттік парламенттің құқық және тәртіп фракциясының депутаттарының ұйымдастыруымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің инспекторы С.Н. Зайцевамен «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын түсіндіру» тақырыбында кездесу өткізілді.

Іс-шара студенттердің құқықтық санасын дамытуға, алынған мәліметтер негізінде іске асыру, жалпылау және қорытынды жасау қабілетін қалыптастыруға бағытталған.

Светлана Николаевна өз сөзінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасындағы жаңашылдықтар туралы баяндады және ҚР ҚК- нің 366 бап «Пара беру», 367 бап «Пара алу», 368 бап «Парақорлыққа делдал болу» баптарымен таныстырып өтті. Колледж студенттеріне алдын алу мақсатында «Жақындарыңды ұмытпа» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.

Іс -шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша өзекті мәселелерді және мәселені шешудің тиімді жолдарын талқылады. Кездесу тақырыбы бойынша студенттер қойған сұрақтарға сауатты және жан -жақты жауаптар берілді.



Текст
Виртуальная приемная